Таяу Шығыстағы қақтығыс: Қазақстандық студенттерге не болмақ?

Бүгiн, 16:30 135

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қақтығыс болып жатқан Израиль, Иран мен Ливанда қанша студент білім алып жатқаны жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Иран мен Ливанда қазақстандық студенттер жоқ. Ал Израильде болуы мүмкін. Бірақ студенттер туралы нақты дерек бізде жоқ. Ол студент болсын, болмасын, бізге жалпы азаматтардың амандығы маңызды. Сондықтан көмек сұраған азаматтардың барлығына бірдей көмектесеміз, - деді Смадияров.

Бұған дейін СІМ жоғарыда аталған елдерде қанша қазақстандық тұратынын мәлімдеді.

 
Миражан Махан
Бөлісу: