Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Маскат сайлау учаскелері жұмыс істей бастады

20 Қараша 2022, 10:31 1382

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді

Таяу Шығыста Абу-Даби, Дубай, Маскат сайлау учаскелері жұмыс істей бастады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Ереван, Баку, Астрахан және Тбилисиде де дауыс беруге арналған учаскелер жұмыс істей бастады.

Осыған дейін Токио мен Сеулден алғаш болып қазақстандық кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Юрий Цой дауыс бергендігін хабарлаған болатынбыз.

EL.KZ
Бөлісу: