Тауықтың сүйегін жұтып қойған бір жастағы сәби өлім аузынан қалды

14 Маусым, 10:30 659

Түркістан облысында тауықтың сүйегін жұтып қойған 1 жас 3 айлық өлім аузынан қалды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Анасының айтуынша, бала кешкі сағат 22:00 шамасында полиэтилен пакетімен ойнап отырып, тұншыға бастаған. Жөтелден кейін өкпесінде сырылдар пайда болып, демала алмай қалыпты. Жағдайының нашарлауына байланысты «Мақтаарал» орталық ауруханасына жүгінген.

Сәби бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Санитарлық авиация желісі арқылы облыстық балалар ауруханасының балалар торакальды хирургы мен реаниматологы ауруханаға жіберілді.

Шұғыл түрде зерттеу өткізіліп, бронхоскопия арқылы сол жақ негізгі бронхтан тауықтың сүйегі алынды. Нәтижесінде қауіп сейіліп, баланың денсаулығы қалыпты жағдайға түсті.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: