Тәуелсіздікке күмән келтірген Қытай елшісіне қатысты СІМ жауап берді

24 Сәуір 2023, 18:10 1150

Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шае LCI телеарнасына берген сұхбатында бұрынғы КСРО елдерінің халықаралық құқықта ешқандай мәртебесі жоқ екенін айтқан. Осыған қатысты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров пікір білдірді,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі жауап берді.Бізде сол позицияны қолдаймыз. Өздеріңіз білесіздер, еліміз 1992 жылы 2 наурызда Біріккен ұлттар ұйымына мүше болғанын білесіздер. Біз тәуелсіздік алған тұста  Қытай алғашқылардың бірі болып Қазақстанның тәуелсіздігін және аумақтық тұстастығын мойындады, - деді Айбек Смадияров.

Бұған дейін Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шае LCI  «КСРО ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттердің ешқандай мәртебесі жоқ. Себебі олардың егемендігін айқындайтын және нақты форма беретін халықаралық келісім жоқ» деп мәлімдеген болатын. Ал Қытай Сыртқы істер министрлігі Бейжіңнің КСРО құрамында болған барлық елдің тәуелсіздігін құрметтейтінін мәлімдеді.

Алмас Абылай
Бөлісу: