Тәуелсіздік жылдарында теңгенің дизайны қалай өзгерді

15 Қараша 2023, 12:30 4980

Бүгін, 2023 жылғы 15 қараша күні, Қазақстан теңгесінің қолданысқа енгеніне 30 жыл толды. El.kz ақпарат агенттігі еліміздің тәуелсіздік жылдарында теңгенің дизайны қалай өзгергеніне сарап жүргізіп көрді.

1993 жылы дәл осы күні Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді. Алғашқы қазақстандық банкноттар Англияда басылды.

1993 жылы тиындар қағаз күйінде болды.

Алғашқы теңгелерде қазақтың ғылым, өнер салаларының дамуына ерекше әсер еткен тұлғалар бейнеленді.

1 теңге

Өлшемі (мм): 124*62

Шығарылым жылы: 1993 жыл

Құны 1 теңгелік банкноттың бет жағы көк түсті. Банкноттың оң жағында Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің портреті, тігінен оның аты және өмір сүрген жылдары көрсетілген. Портреттің сол жағында: жоғарыда және астында қазақтың ұлттық ою-өрнегі бар. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы қызғылт түсті. Банкноттың ортасында Әл-Фарабидің геометриялық сызбалары мен формулалары.

3 теңге

Өлшемі (мм): 124*62

Шығарылым жылы: 1993 жыл

Құны 3 теңгелік банкноттың бет жағы жасыл түсті. Банкноттың оң жақ бөлігінде халық ақыны Сүйінбайдың портреті, тігінен оның аты және өмір сүрген жылдары. Портреттің сол жағында: жоғарыда және астында қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы жасыл түсті. Банкноттың ортасында Алатаудың көрінісі.

5 теңге

Өлшемі (мм): 124*62

Шығарылым жылы: 1993 жыл

Құны 5 теңгелік банкноттың бет жағы қызғылт сары түсті. Банкноттың оң жақ бөлігінде халық композиторы Құрманғазының портреті және тігінен оның аты және өмір сүрген жылдары. Портреттің сол жағында: жоғарыда және астында қазақтың ұлттық ою-өрнегі. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы қызғылт сары түсті. Банкноттың ортасында кесене кешені.

10 теңге

Өлшемі (мм): 144*69

Шығарылым жылы: 1993 жыл

Құны 10 теңгелік банкноттың бет жағы күңгірт жасыл түсті. Банкноттың оң жақ бөлігінде қазақтың халық ағартушысы Шоқан Уәлихановтың портреті және тігінен оның аты мен өмір сүрген жылдары. Портреттің сол жағында: жоғарыда қазақтың ұлттық ою-өрнегі, астында – гильоширлі розетка. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы жасыл түсті. Банкноттың ортасында «Оқжетпес» тауының көрінісі.

20 теңге

Өлшемі (мм): 144*69

Шығарылым жылы: 1993 жыл

Құны 20 теңгелік банкноттың бет жағы қоңыр түсті. Банкноттың оң жақ бөлігінде Абай Құнанбаевтың портреті және тігінен оның аты мен өмір сүрген жылдары. Портреттің сол жағында: жоғарыда қазақтың ұлттық ою-өрнегі, астында – гильоширлі бордюр. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы қоңыр түсті. Банкноттың ортасында Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша бүркіт ұстаған бүркітші.

50 теңге

Өлшемі (мм): 144*69

Шығарылым жылы: 1993 жыл

Құны 50 теңгелік банкноттың бет жағы қызыл түсті. Банкноттың оң жақ бөлігінде Әбілқайыр ханның портреті және тігінен оның аты мен өмір сүрген жылдары. Портреттің сол жағында: жоғарыда қазақтың ұлттық ою-өрнегі, астында – гильоширлі бордюр. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы қызыл түсті. Банкноттың ортасында Қазақстанның ежелгі өнерін бейнелейтін Маңғыстаудың жартастағы сүреттері.

100 теңге

Өлшемі (мм): 144*69

Шығарылым жылы: 1993 жыл

Құны 100 теңгелік банкноттың бет жағы күлгін түсті. Банкноттың оң жақ бөлігінде Абылай ханның портреті және тігінен оның аты мен өмір сүрген жылдары. Сол жақ жоғарғы бұрышында металданған бояумен басылған гильоширлі розетка. Портреттің сол жағында: жоғарыда қазақтың ұлттық ою-өрнегі, төменде – гильоширлі бордюр. Портреттің оң жағында: жоғарыда номинал, ал оның астында ұлттық ою-өрнек. Сол жақ төменгі бұрышында номиналдың сандық белгілеуімен гильоширлі розетка. Банкноттың сырт жағы күлгін түсті. Банкноттың ортасында Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.

200 теңге

Өлшемі (мм): 144х69

Шығарылым жылы: 1993 жыл

Басым түстер — қызыл және қоңыр. Сол жақтағы төменгі бұрышта номиналдың сандық белгілеуі. Банкноттың ортасында номиналдың мәтіндік және сандық белгілеуі, оның астында Ұлттық банкі төрағасының қолы, банкноттың шығарылған жылы. Банкноттың оң жақ бөлігінде Шы ғыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің портреті, оның аты мен өмір сүрген жылдары. Портреттен төменгі оң жақта гильоширлі розетка. Үстіңгі сол жақта металдандырылған бояумен басылған сәндік элемент. Көлденеңнен сол жақ бөлігінде және портреттен оң жақта тігінен қос әріпті топтамалы жеті таңбалы нөмірлер орналасқан.

1999 жылы бұл 200 теңгелік купюра аздап өзгертіліп, түсі қанықтау болып шықты.

2006 жылы қайта өзгертілгенімен, қазір қолданыста қағаз купюралар жоқ.

500 теңге

Өлшемі (мм): 144х69

Шығарылым жылы: 1994 жыл

Басым түстер — тоқ көк және ашық көк. Сол жақтағы төменгі бұрышта номиналды сандық белгі бар. Банкноттың ортасында мәтіндік және цифрлық белгі тұр. Ұлттық банк төрағасының қолы және жыл көрсетілген. Банкноттың оң жағында Шығыстың ұлы ойшылының портреті, сонымен қатар өмір сүрген жылдары көрсетілген.

1999 жылы 500 теңгеліктің де аздап дизайны өзгерді. Бұл жолы көк және көгілдір түске басымдық берілді.

2017 жылы дизайны өзгеріп, қазір айналымда осы нұсқасы.

1000 теңге

Өлшемі (мм): 144х69

Шығарылым жылы: 1994 жыл

Басым түстер — көк және жасыл. Сол жақ төменгі бұрышта номиналдың сандық белгілеуі. Банкноттың орта сында номиналдың мәтіндік және сандық белгілеуі, оның астында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы, банкноттың шығарылған жылы. Банкноттың оң жақ бөлігінде Шығыстың ұлы ойшылы Әл-Фарабидің портреті, оның аты және өмір сүрген жылдары. Портреттен төменгі оң жақта ою-өрнекті розетка. Үстіңгі сол жағында металдандырылған бояумен басылған сәндік элемент. Көлденеңнен сол жақ бөлігінде және портреттен оңға тігінен қос әріпті топтамалы жеті таңбалы нөмірлер орналасқан.

2006 жылы өзгертілген дизайн қолданысқа енді. 

2010 жылы шыққан нұсқасында сол жақ жоғарғы бұрышта мемлекеттік елтаңба, оң жақ төменгі бұрышта стилденген ұшып бара жатқан құстардың сәндік суреті. Банкноттың ортасында номиналдың қызыл-көк түсте сандық және мәтіндік белгілеуі. Банкноттың барлық алаңы бойынша қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің элементтері пайдаланылған. Банкноттың оң жақ бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументінің голографиялық суреті және оптикалық өзгеріп тұратын бояумен басылған Ұлттық банкінің логотипі. Басым түстер — көкшіл және жасыл.

2013 жылы шыққан 1000 теңгеде «Қазақ елі» монументі, ұшып бара жатқан көгершіндер және «Күлтегін» мүсінінің фрагменті бар. Жоғарғы жағында мемлекеттік символдар: елтаңба және ту. Сол жақ көлденеңнен — номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы. Басым түстер: сары және қоңыр.

2014 жылы өзгерген дизайн қазір қолданыста.

2000 теңге

Өлшемі (мм): 144х69

Шығарылым жылы: 1996 жыл

Басым түс — жасыл. Сол жақ төменгі бұрышта номиналдың сандық белгілеуі. Банкноттың ортасында номиналдың мәтіндік және сандық белгілеуі, оның астында қазақстан республикасы ұлттық банкі төрағасының және бас бухгалтердің қолы, банкноттың шығарылған жылы. Банкноттың оң жақ бөліг інде шығыстың ұлы ойшылы әл-фарабидің портреті, оның аты және өмір сүрген жылдары. Портреттен төменгі оң жақта гильоширлі розетка. Үстіңгі сол жағында металдандырылған бояумен басылған сәндік элемент. Көлденеңнен сол жақ бөлігінде және портреттен оңға тігінен қос әріпті топтамалы жеті таңбалы нөмірлер орналасқан.

2006 жылы жаңа дизайн айналымға енді.

2011 жылы шыққан купюрада ортаңғы бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі, монументтің сол жағында мемлекеттік елтаңба, оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы. Банкноттың ортасында күңгірт жасыл және көгілдір жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны нотасының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, оларға номиналдың сандық белгілеуінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. Банкноттың төменгі бөлігінде алақанның және түсін ауыстыратын бояумен басылған қар ұшқыны суреті. Төмен жақта тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Басым түстер: көк және жасыл.

2012 жылы 2 мың теңге аздап өзгерді.

5000 теңге

Өлшемі (мм): 149х74

Шығарылым жылы: 1998 жыл

Басым түстер — қоңыр және қызыл. Сол жақ төменгі бұрышта номиналдың сандық белгілеуі. Банкноттың ортасында шығыстың ұлы ойшылы әл-фарабидің портреті, оның аты және өмір сүрген жылдары. Банкноттың оң жақ бөлігінде «Қазақстан» жазуымен металсыздандырылған жіп және мәтіндік номиналдың сандық белгілеуі. Портреттің оң жағында «5000» саны қосарланған бейнесімен күміс бояумен қорғалған элемент басылған және банкноттың көлбеу бұрышына байланысты пайда болатын қазақша ою-өрнек. Банкноттың сол жақ үстінде қазақстан республикасының елтаңбасы және қазақстан республикасы ұлттық банкі төрағасының қолы. Сол жақ тігінен және портреттен көлденеңнен оңға қарай қос әріпті топтамалы жеті таңбалы нөмірлер орналасқан.

2001 жылы түсі қанық бола түсті.

2006 жылғы нұсқасы мынадай болды:

Ал 2008 жылы шыққан 5000 теңгелік ақшаның орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі, монументтен сол жақта мемлекеттік елтаңба, оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бар еді.

2011 жылы 5000 теңгенің дизайны тағы өзгеріп, қазір қолданыста осы нұсқасы.

10 мың теңге

Өлшемі (мм): 149х74

Шығарылым жылы: 2003 жыл

Басым түстер — көгілдір және көк. Сол жақ төменгі бұрышта номиналдың сандық белгілеуі. Банкноттың ортасында шығыстың ұлы ойшылы әл-фарабидің портреті, оның аты және өмір сүрген жылдары. Банкноттың оң жақ бөлігінде «қазақстан» жазуымен металсыздандырылған жіп және мәтіндік номиналдың сандық белгілеуі. Портреттің оң жағында бүркемелі сурет — «10000» саны. Банкноттың сол жақ ү стінде қазақстан республикасы ұлттық банкі төрағасының қолы. Портреттен сол жақ көлденеңнен және оңға тігінен қос әріпті топтамалы жеті таңбалы нөмірлер орналасқан.

2006 жылы дизайнына тағы өзгеріс енді. 

2011 жылы шыққан бұл купюрада «Қазақ елі» монументі және ұшып бара жатқан көгершіндер бар. Монументтің сол жағында мемлекеттік елтаңба. Сол жақ төменде және үстінде номиналдың сандық белгілеуі, сол жақ ортасында — номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгілеуі. Сол жақ жоғарыда «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы. Басым түстер — көк және күлгін.

2012 жылы 10 мың теңгеліктің дизайны өзгерді.

20 мың теңге

Өлшемі (мм): 155х79

Шығарылым жылы: 2013

«Қазақ елі» монументі, пырақ және «Мәңгілік ел» салтанатты аркасы. Банкноттың жоғарғы сол жағында пырақ орналасқан, ол түркі тілдес және көшпенді халықтарды қоса алғанда көптеген мәдениетте таза нұр мен өмірдің шабыт пен жемісті еңбектің, мақсатқа ұмтылушылық пен биліктің нышаны ретінде қабылданған.

Суреттер: bf.kz алынды

Мадина Асылбекова
Бөлісу: