Тәуелсіздік жылдарында қазақша атауға ие болған қалалар

16 Желтоқсан 2023, 10:04 1953

Қазақстан тәуелсіздік алғалы көптеген қала мен елді мекен атаулары қазақшаланып, тарихи атауын қайтарды, кейбірі жаңа атауға ие болды. El.kz ақпарат агенттігі бүгін айтулы мерекеде қазақшаланған ірі қала атауларын тізіп шықты.

Ең алдымен бұл тізімді елордадан бастауды жөн көрдік. 

Целиноград – Ақмола – Астана – Нұр-Сұлтан – Астана


Фото с postcard.mycollection.kz


Фото из группы в Facebook.com/Целиноград и целиноградцы

1992 жылы Целиноград атауы Ақмола деп ауыстырылса, 1998 жылы бас шаһар Астана боп өзгертілді. 2019 жылы Нұр-Сұлтан аталды, ал 2022 жылы Астана атауы қайтарылды.

Жамбыл – Тараз

1937-1997 жж. аралығында Жамбыл Жабаевтың құрметіне «Жамбыл» деп аталған қала 1997 ж. 8 қаңтарда көне Тараз атауына ие болды. 


twitter-com.aurebeshtranslator.net


spk-taraz.kz

Гурьев – Атырау

Жайық бойындағы қала ХІХ ғасырдан бері Гурьев аталып келді. Тек тәуелсіздік алған соң 1992 жылғы 21 ақпанда ҚР Жоғарғы Кеңесінің төралқасы қаланы Атырау деп атау жөнінде қаулы қабылдады.


© Sputnik / Борис Бабанов

Ленинск – Байқоңыр (Қызылорда облысы)


Ленинск (Байқоңыр), Ленин ауданы 1960's / cronobook.com

Байқоңыр қаласы 1995 жылға дейін Ленинск аталды. Дәл сол жылы шаһар 2050 жылға дейін Ресейге жалға берілді.


Әлеуметтік желіден

Алексеевка – Ақкөл (Ақмола облысы)


©Турар КАЗАНГАРОВ

Ақмола облысындағы Ақкөл қаласының атауы да басқа болған. 1997 жылы Алексеевкадан Ақкөл болып өзгертілді. 

Ермак – Ақсу (Павлодар облысы)


livejournal.com

Павлодар қаласының оңтүстігінде орналасқан қала бұрын Ермак аталып, 1993 жылы шаһарға бүгінгі атауы берілді.


© Алибек Дженалинов, Асхат Кусаинов

Лениногорск – Риддер (ШҚО)


varandej.livejournal.com

ШҚО-дағы Риддер қаласы 1786 жылы кент ретінде құрылды. Кейіннен Кеңес көсемі Лениннің құрметіне Лениногорск аталды. Ал 2002 жылы тұңғыш президент Н.Назарбаев шаһарға тарихи атауын қайтарды.


varandej.livejournal.com

Эмба-5 – Жем (Ақтөбе облысы)


urban3p.ru

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданына қарасты бұл қаланың іргетасы 1960 жылы қаланып, Эмба-5 деп аталды. 2000 жылы Жем өзені бойындағы шаһарға Жем атауы берілді.


© Wikipedia

Мадина Асылбекова
Бөлісу: