Белгілі саясаттанушы Мұрат Шамилов егемендік мерекесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәуелсіздігімізге 32 жыл толып отыр. Тәуелсіздік күні – бұл жетістіктер мен сын-қатерлерге терең талдау жасау мүмкіндігі.Тәуелсіздік күні – бұл өз өмірін халқымыздың бостандығы мен егемендігі үшін күреске арнаған ұлттық тұлғаларды – батырлар, алашордашылар, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, желтоқсаншыларды еске алатын күн. Олардың барлығы туған жерді сыртқы агрессиядан қорғады, мемлекеттілігімізді нығайтты, ұлттың басты арманы – егемен мемлекетті жүзеге асыруға жол ашты.Тәуелсіздік - бұл көпвекторлы стратегияны іске асыру арқылы сыртқы саясаттағы ұлттық мүдделерді қорғау. Екінші жағынан, тұрақсыз геосаяси ахуал жағдайында Тәуелсіздіктің қасиетті идеясы басты құндылыққа айналады, оны Қазақстан халқының бірлігі қағидаты бойынша нығайту қажет", - деді Мұрад Шамилов.
Оның айтуынша, егемендік өздігінен нығаймайды. Оған елдің әр азаматы үлес қосуы тиіс көрінеді.
Тәуелсіздік өздігінен нығая түспейді. Бұған Қазақстанның әрбір азаматы жауапты. Елдікке қосқан нақты үлес – бұл өзін-өзі дамыту, өзінің, отбасының және бүкіл қоғамның игілігі үшін өз саласында адал және қажырлы еңбек ету. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу күні – бұл елдің жүріп өткен жолын бағамдау, бірліктің ұлы құндылығын, азаматтық бейбітшілікке қол жеткізу тәсілі ретінде қазақстандық қоғам ішіндегі алауыздыққа қарсы тұратын демократия күшін терең түсіну уақыты. Бұл мереке ел үшін ерекше маңызға ие, өйткені ол Қазақстанның егемендігі, халқының бостандығы үшін күрес ұлт қайраткерлеріне құрмет болып табылады. Мереке құтты болсын, тәуелсіздігіміз баянды болсын!", - деді саясаттанушы өз пікірінде.