Тәуекел Мүсілім әкесіне арнап ас берді

24 Сәуір, 14:20 2704

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім әкесі Сабыр Мүсілімнің рухына арнап ас берді. Іс-шара әкесінің туған жері Темірланда өткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәуекел ­– Сабыр Мүсілімнің тұңғыш баласы. Ол «Мотивациялық подкаст» жобасында әкесі, онымен қарым-қатынасы жайлы ойын бөліскен болатын.

Өнер иесінің сөзінше, ол әкесімен небәрі үш ай ғана тығыз араласқан. Себебі бала кезінде ата-анасы айырылысып кеткендіктен, Тәуекел анасымен бірге Алматыға кеткен.

Әкем тірі кезінде көзін көрген кісілер кездесіп қалып жатады. Сол кезде «сенің әкең батыр болған» деп мақтап қояды. Ол кісімен көп араласа алмадым. Бала кезімде ата-анамыз ажырасып кетті. Мен анамның қолында Алматыда қалдым, ол кісі Шымкентте болды. Анам әкеммен араласуға қарсы болған жоқ. Әкеммен үш ай ғана жақсы араластық. Мен 9-сынып оқып жүргенімде әкемнің қасында үш ай болдым, – дейді Тәуекел Мүсілім.

Бұған дейін Тәуекел әкесі Сабыр Мүсілімнің туған күнінде видео жариялап, оның тілге шешен болғанын жазып еді.

Мен өзімді әкеме ұқсаймын деп айта алмаймын. Әкем көркем сөйлейтін, тілге шешен. Өнерді, поэзияны жаны сүйді. Маған үнемі жақсы оқы дейтін. Менің кей жерде тосылып, айтар ойымды жеткізе алмай қалатын жасық мінезім бар. Әкеме ұқсаймын деп айта алмаймын. Мүмкін әке тәрбиесін көріп өскенде басқаша болар ма едім. Мені көргендер «Сабырды ұлы, тектінің көзі» деп жатады. Әкемнің ұлы деген атқа лайық болсам деймін, – деді актер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ТАУЕКЕЛ МУСИЛИМ (@mussilim)

Тәуекел әкесінің білімге құштар болуға үгіттеп отыратынын да еске алды.

Тәуекел деген атымды әкем қойған. Анам әлі күнге дейін енесінің алдын кесіп өтпей, сәлемін салады. Әкем спортқа жақын еді. Поэзияны, өнерді сүйетін. Кез келген отырысты жандырып жіберетін. Маған үнемі «Оқы, келер заман – білімділердің уақыты» дейтін. Расында, қазір – білектің емес, білімнің заманы, – деп түсіндірді өнер иесі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: