Тау шаңғысынан қазақстандық атлет финалдық кезеңге өтпей қалды – Олимпиада

14 Ақпан 2022, 10:53 1821

Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан Олимпия ойындарында тау шаңғысынан алып слалом бойынша бірінші кезең мәресіне жетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұл сында қазақстан атынан ел намысын Захар Кучин қорғады. Өкінішке қарай отандасымыз жарысты соңына дейін аяқтай алған жоқ. Бұл сында мәре сызығын бірінші болып швейцариялық Марко Одермат кесіп өтті. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер екінші іріктеу кезеңінде, яғни финалдыө кезеңнің қорытындысыда белгілі болады. Екінші іріктеу кезеңіне жарыс жолына шыққан 87 шаңғышының 54-і өтті. финалдық жарыс Нұр-Сұлтан уақытымен 11:45-те басталады. 

Айта кетейік, бұгінгі қазақстандық олимпиадашылардың жарыстарын жанкүйерлер отандық «Qazsport», «Qazqstan» және «Хабар» теле арналарынан тікелей эфирде көре алады.

baq.kz


Бөлісу: