Тау-кен құтқарушыларын жұмыстан қысқартуға қатысты ақпарат жалған - ресми мәлімдеме

2 Қараша 2023, 21:57 590

«Тау-кен құтқарушыларының жұмыстан қысқаруы туралы» БАҚ-та жарияланған ақпаратқа жауап ретінде «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ресми мәлімдемеде:

  1. «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» Республикалық орталық штабы тау-кен құтқарушыларының штатында қысқартулар жүргізілмегенін атап өтеміз. Қысқартулар туралы кең таралған деректердің барлығы шындыққа жанаспайды.
  2. Қазір Костенко атындағы шахтада апаттық-құтқару жұмысы аяқталып жатқанын түсіндіреміз. Түскі сағат 14.00-ден бастап Қарағанды ​​бөлімшесінің Шахта отряды казармалық позициясынан шығарылды. Қазір кеніштегі жұмыс бір отрядтың көмегімен жалғасып жатыр. Бір бөлім учаскедегі газ жағдайын бақылауға жұмылған.

Біз бұқаралық ақпарат құралдарын ақпаратты таратқан кезде оған жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Біздің ашық екенімізді және барлық мүдделі тараппен диалогқа дайын екенімізді атап өтеміз, - делінген «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» таратқан хабарламада.

Берік Арманов
Бөлісу: