Қазақстан – жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, бірліктің шаңырағын биік ұстаған ел ретінде әлемге танымал. Осы татулықтың мерекесі 1 мамырға орай, еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің орталықтары өз құттықтауларын жолдады.
Құрметті отандастар!
1 мамыр – Қазақстан халықының бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесі баршамызға құтты болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғандығы, барлық этнос өкілдеріне тең жағдай жасап, бірлікті бекемдеді. Бүгінгі таңда бір шаңырақ астындағы ұлттар өз мәдениетін, тілін, дінін, салтын ұстанып отырғандығы, еліне, Елбасына деген ризашылығы бәрімізге тән.
Елбасымыздың рухани жаңғыру мақсаты бойынша айтылған еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз туралы көзқарастарының куәсі болып отырмыз. Игі мақсаттар жолында еліміздің тұтастығы мен бірлігі, достығы мен тыныштығы – татулық туын желбіретуге үлес қоса отырып, алдағы уақытта басталғалы отырған Халықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесінің жаһандық зор деңгейде табысты өтіп, елдің мақтанышы болуына тілектеспіз.
Ғасырлар бойы ел басындағы түрлі замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған оның ынтымағы мен бірлігі. «Күшті ұлт болу үшін – алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет», – деп Елбасымыз айтқандай, елімізде тұратын барлық ұлт пен ұлыстың өкілдері достығымыз жарасып, біртұтас елге, бір тағдырлы халыққа айналдық. Бірлік бар жерде – тірлік бар демекші, берік шаңырақ астында ынтымақтастықпен тату-тәтті өміріміз жалғасып, арамыздағы сыйластық, денсаулық пен табыс, тыныштық пен бейбітшілік арта берсін. Алланың назары түскен Отанымыздың болашағы нұрлы, бір тағдырлы халықымыздың Тәуелсіздік бейне салған көк аспанынан көгершін құсы кетпесін. Отанымыз жайнай берсін!
Шерзод Пулатов, Астана қаласының өзбек этномəдени орталығының төрағасы
Қымбатты қазақстандықтар!
Авиценна атындағы Тәжік мәдени орталығы барлық отандастарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды! Біз бақыттымыз, барлық Қазақстанда тұратын этностар бейбітшілік, мейірімділік және достық рухын биік ұстайды. Біздің күшіміз – бірлікте, өзара түсіністік пен бір-бірін құрметтеуде.
Біз, Қазақстанда, тұратын тәжіктер осыны бағалап, Отанымыздың жарқын болашағы үшін күш саламыз. Белгілі тәжік ақыны Мирзо Турсунзаде айтқандай: «Адамдар бейбітшіліктен бақыт табады, ал соғыс тек қайғы мен бақытсыздық әкеледі!»
Баршаңызға жақсылық, ырыс-береке, мықты денсаулық және жетістіктер тiлеймiз!
Бекпулат Ташпулатов, Авиценна атындағы Тәжік мәдени орталығы төрағасы