Тәтті бәліш жеген 16 бала уланып қалды

9 Шілде, 18:33 674

Қосшыдағы өнеркәсіп орнында дайындалған бәліштен 16 бала уланып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Өндіріс орнында бәліш дайындайтын арнайы рұқсат қағазы болмаған. 

Бәліштерді тасымалдау кезінде сақтау талаптары бұзылған. Салдарынан Астанада 16 бала уланды. Өндіріс орны Қосшыда орналасқандықтан, ақмолалықтар да зардап шегуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, – деді Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина. 

Аталған өндіріс орнына айыппұл салынды.

Сонымен қатар кәсіпкерге заңбұзушылықтарды жою туралы ескерту берілген. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: