Татарстанда «Әзірет Сұлтан» қазақстандық музей-қорығының көрмесі ашылды

21 Наурыз, 14:31 700

«Қазан Кремль» мемлекеттік тарихи-сәулет және көркемсурет мұражай-қорығында «Яссауи мұрасы және ежелгі Түркістан» халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы ұйымдастырды. Экспозиция 3 бөлімнен тұрады: «Рухани аманат»,«Яссауи мұрасы»,«Түркістан – Түркі әлемінің астанасы».

Көрмеде мұражай-қорық қорынан археологиялық, нумизматикалық, этнографиялық құнды жәдігерлердің түр-түрі ұсынылған. Олардың қатарында Қожа Ахмет Яссауи өмірі мен мұрасы туралы қолжазбалар мен картиналар, ілімін жалғастырушылардың еңбектері, дүниежүзілік мұра атанған Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне байланысты тарихи артефактілер бар.

Сондай-ақ көрмеге келген көпшілік қасиетті Түркістан тарихымен және қазақ даласының ғасырлар бой қалыптасқан мәдениетімен, оның әлемдік өркениеттегі өзіндік орнымен таныса алады.

Көрме 20 сәуірге дейін жұмыс істейді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: