Тасқын судан зардап шеккен халыққа жинаған ақшасын жолдаған бала елдің алғысын алды

9 Сәуір, 13:00 4685

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылынан Құлсарыға аттанатын гуманитарлық көмек туралы естіген Маршал Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы Игілікұлы Нұрасылдың ісі жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол тасқын судан зардап шеккен халыққа арнайы құтыда жинаған тиын-тебенін жолдады.  

Құлсарыдағы ағаларыма, бауырларыма осы тиынды бергім келіп отыр. Қобдишаға жинап жүрген тиыным еді. Енді оны сіздерге табыстаймын, бауырларыма жеткізсеңіздер, – дейді Нұрасыл Игілікұлы.

«Құлыншақ аман жүр, өзіңе еселеніп қайтсын!», «Елім деген жүрегіңнен айналайын», «Өркенің өссін!», «Жарайсың!» деп, жылы лебізін білдіріп жатыр оқырман қауым.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: