Мыс құбырларын шығаратын цехта болған жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстан ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір қызыл жалынды сөндіруге өрт сөндірушілер мен ТЖМ қызметкерлері жұмылдырылған. Алдын ала нұсқа бойынша, оқиғаға өндірістік циклдің бұзылуы нәтижесінде газ-ауа қоспасының өршуі себеп болған.
Зардап шеккендер Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығына жатқызылды, жетеуі үйлеріне қайтарылған.
Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.