Тарихи санамызда қазақ қазаққа бауыр.

16 Қазан 2014, 06:52

Тарихи санамызда қазақ қазаққа бауыр.

Тарихи санамызда қазақ қазаққа бауыр. Бұл қасиет, қазақтың рухани құндылығы ретінде қазақтың ел болып көптеген қиындықтарды жеңе білуіне зор ықпалы тиіп келеді. Бұл үрдіс қазіргі кезде шеттен келген ағайындар арасында үлкен рөл атқарып келе жатыр. Өткен кеңес дəуірінде қазақтың өркендеуіне кедергі жасау мақсатында оларды Алматы сынды қалаларға бас сұқтырмайтын. Сондай қаскүнем саясат жүріп жатқан заманда бір қазақ баспаналы бола қалса, барлық ағайындар, жегжат-жұрағаттар, достар мен тамыр-таныстардың бағы еді, қазақтың бауырмалдық қасиеті ерекше болатын. Өйткені олардың қалада оқып білім алған кезінде таныс қазақтың үйі ортақ шаңыраққа айналғанын аға буын қазірге дейін айтып жүр.

Иран қазақтары осы он бес жыл көлемінде бүл дəстүрдің игілігін көріп келе жатыр. Ақтау қаласынан жиырмадан аса жас білімгерлер, ұлдар мен қыздар Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ( ҚазҰУ), Қаныш Сəтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті (ҚазҰТУ), Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Ұлттық Экономикалық университеті (ҚазҰЭУ), Каспий Қоғамдық университеті (КҚУ), Алматы Энергетикалық жəне Байланыс университеттері (АЭБУ), Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ), С.Асфандияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінде(ҚҰМУ) оқып келеді. Олардың көпшілігі оқуларын табысты бітіріп, білім алған алғашқы қарлығаштар ретінде түгелдей жұмысқа орнала- сты. Бір тобы жаңа шаңырақ құрып та үлгерді. Олардың аты-жөнін, қай университетте оқып жүргендерін («Иран Қазақтары» Алматы «Зерде» баспасы, 2007-168 бет. ҚР Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша жарық көрді) аталған кітапта жаздық. Ал, қазіргі кезде Алматыда оқып жүрген бір топ білімгерлерді тəуелсіздігіміздің құнарлы миуасы, ертеңгі қоғамдық істердің үлескерлері ретінде елдігіміздің белгісі іспеттес. Солардың бір тобы: Ырысқал Хатипқызы(ҚазҰЭУ), Жақия Бегей (КҚУ), Алия Ескелді (ҚазҰТУ), Мұста Бегей (ҚҰМУ), Жалын Бəли (АЭБУ), Еһсан Ескелді (КҚУ), Салиқа Шапурқызы (ҚБТУ).

Алматы қаласында оқитын жас білімгерлердің кейбірі оқу маусымында келіп, жатақхана немесе жалға алатын үймен қамтамасыз болғанша Алматыда тұрақтаған иран қазақтарының үйлерінде тұра береді. Сондай-ақ бұрыннан ұлттық мереке деп тойлап келе жатқан Наурыз, Ораза, Құрбан мейрамдарын аталған ағайындарының үйлеріне барып айттайды. Басқа қаладан, не ираннан Алматыны саяхаттап келген ағайындарға да қалада тұрған иран қазақтарының шаңырақтары ортақ баспана болып келеді. Алматыда Ақəли Нұрқожаұлы есімді бауырымыздың шаңырағы қалаға келіп-кетуші ағайындарға ең көп тұрақ болған құт мекен. Аталған азамат өзінің сабырлы да салмақты мінезімен, Қазақ салтына бек сенімімен, парасат-пайымымен халқымыздың адами құндылығы мол дəстүрді жалғастыруда үлкен үлес қосып келе жатыр. Оның төрт ұлы ҚазҰТУ грантын жеңіп алып үшеуі оқуын бітірген, төртіншісі оқуын жалғастыруда. Ал, олардың екеуі Болашақ бағдарламасы бойынша оқуларын Америка университеттерінде магистр болып жалғастырды. Бұл олардың зор еңбегі һəм Алланың берген сыйы, еліміздің тəуелсіз мемлекет болып ұлттық туын көтергендігінің арқасы десек артық айтқандығымыз болмас.Өйткені бұның барлығы еліміздің тəуелсіздігінің арқасында екендігі де айдан анық.

Ислам Жеменей "Иран және иран қазақтары"

Бөлісу: