Тәрбиеден кеткен олқылық. Қорғаныс министрі Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жайлы айтты

4 Шілде 2023, 13:02 1621

Алматы облысындағы әскери горнизоннан қашып кеткен депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатты қандай жаза күтіп тұр? Бұл туралы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов депутаттың ұлы Нұрасыл Болаттың тәрбиесінде олқылық кеткенін айтты.

Ол әскери бөлімнің бақылауында болған. Бірақ гаупвахтадан шығып, әскери бөлімге келе жатқанда өз еркімен кетіп қалған. Әскер жасөспірім қылмыскерлерді ұстайтын орын емес. Біздегі функция мүлде басқа. Бұл – тәрбиеден кеткен олқылық. Түсінесіз бе? Бұл туралы мен айтқанмын, - деді Руслан Жақсылықов.

Министр қашып кеткен депутаттың ұлы мен оның қашуына жол берген әскери қызметкерлер міндетті түрде жазаланады дейді.

Оның әскери бөлімнен кетіп қалуына жол берген офицерлер тәртіптік жазаға тартылады. Ал әскери қызметшіге қатысты жазаны сот анықтайды. Гауптвахтаға қамалуы мүмкін, - деді министр.

Оқи отырыңыз:

Айта кетейік, әскери бөлімнен қашып кеткен ұлы Нұрасыл Болат ұсталды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: