«Тарбағатай» паркінің басшысы ағасына заңсыз айлық төлеп келген

27 Ақпан, 12:46 664

«Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ басшысының орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде ағасын заңсыз жұмысқа алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысының прокуратурасының мәліметінше, ол 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай-ақ жалақы алып келген.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде «Тарбағатай» МҰТП» РММ талабы бойынша сот шешімімен 5,5 млн теңге көлемінде заңсыз алынған жалақы өндірілді, - делінген мәліметте.

Бүгінгі күні сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне өндірілді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: