Тараздағы жылу желілері 35 жылдан бері жаңармаған

7 Қараша, 22:15 408

Тараздың жылу желілерін жөндеуге 21 млрд теңге керек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өйткені қайта жаңғыртуды қажет ететін құбырлар 35 жылдан бері жөндеу көрмеген. Ал тозу деңгейі 60 пайыздан асады.

Әкімдік «қаржы аударылып қалар» деп Үкіметке үміт артып отыр. Облыс орталығындағы «М-3» магистральдық құбырдың 80%-ы шіріген. Жарамдылық мерзімі 10 жыл бұрын өтіп кеткен.

Дегенмен билік өкілдері биыл қыстан «қиналмай шығамыз, тұрғындар тоңбайды» деп отыр. Өйткені жылу берілгелі 20 күн бойы бақылау кезінде құбырларда ақау анықталмаған.

Перизат Саденова
Бөлісу: