Тараздағы «Жібек жолы» базарынан өрт шықты

25 Шілде, 04:28 414

Жамбыл облысының өрт сөндірушілері базардағы контейнерлерден шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараз қаласының «Жібек жолы» базарында үш металл контейнердің ішіндегі құрлыс материалдары жанып, өрт шықты.

Өрт сөндірушілер 150 шаршы метр алаңын қамтыған өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.

Зарина Арман
Бөлісу: