Тараздағы жалдамалы пәтердегі екі әйелдің өлімі: сұмдық жайттар белгілі болды

14 Қараша, 16:17 1765

Өлтірілген әйелдер интим қызмет көрсеткені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Halyqstan телеграм арнасына сілтеме жасап.

Дереккөздің мәліметінше, екі әйел де Меркі ауданының тумасы. Олар тұрған пәтерді олар жалға алған. 2024 жылдың 5 қарашасында әйелдердің бірі «Друг вокруг» әлеуметтік желісінде Павел деген ер адаммен танысқан. Сөйлескен кезде әйел жезөкше екенін, бір рет қатынасқа түскені үшін 7000 теңге алатынын айтқан. Түнгі сағат 01.30-да жігіт қолында сырасы бар Айманға келген. Оның ақшасын төлеп, бір рет төсектес болған. Алайда, оған «тоймай» қалған Павел әйелге «ақшасын артынан беремін, тағы бір рет жақындасайық» деп өтінген. Алайда, Айман олай істей алмайтынын айтып, киіне бастағанда жігіт оны қылқындырған. Айман есінен танған соң Павел ас бөлмеден пышақ алып, келіншекке жеті рет сұғып алған. Көрші бөлмедегі бұл айғай-шуды естіген Света өз бөлмесінен шығып, Айманның мәйітін көргенде қатты айқайға басқан. Павел оны да пышақтап өлтірген. 

Екі әйелдің де қайтыс болғанын көрген жігіт түк болмағандай жуынып, екі мүрдені бір бөлмеге әкеліп, бөлменің ішінен 32 мың теңге мен  әйелдердің бірінің ұялы телефонын алып кеткен. 7 қараша күні үй иесі келгенде сұмдық жайттың куәсі болады.

Күдікті 8 қараша күні қолға түсірген. Ол кінәсін мойындап, екі адамды қалай өлтіргенін көрсетіп, пышақты да тауып берген».

Іс бойынша сот-психологиялық, сот-биологиялық және сот-наркологиялық сараптамалар тағайындалды. Пәтер иесісексуалдық сипаттағы қызметтерді көрсету үшін үй – жай ұсыну фактісі бойынша, ал дүкен сатушысы-сағат 23.00-ден кейін алкоголь сатқаны үшін жауапқа тартылмақ. 

Бұған дейін, Таразда жалдамалы пәтерде екі бірдей әйелдің денесі табылғанын  жазған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: