Тараздағы облыстық балалар ауруханасынан өрт шықты

Кеше, 23:17 228

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 42 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін түнде Тараз қаласындағы облыстық балалар ауруханасында жертөледе компьютерлік томография аппаратурасы жанды.

ТЖМ күштері түтінді аймақтан таза ауаға 42 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Перизат Саденова
Бөлісу: