Таразда жер сілкінді

26 Қазан 2023, 16:48 2048

26 қазанда Жамбыл облысы аумағында жер сілкінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"СТӘЭ" мәліметінше, 26 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11:38-де Алматыдан батысқа қарай 482 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісі шамамен 5 шақырым тереңдікте Айша-Бибі ауылына жақын жерде болған. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 482 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6, магнитудасы – 4,5, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сейсмологтар жер сілкінісі Қазақстанда сезілмегенін хабарлады. Алайда тараздықтар жерасты дүмпуін сезгенін айтты.  

Равиль Ашығали
Бөлісу: