Таразда жер комитетінің жалған қызметкері ұсталды

2 Ақпан 2023, 15:25 982

Таразда жер комитетінің жалған қызметкері ұсталды, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тараз қаласы полиция басқармасының 1-ші полиция бөліміне облыс орталығының бірнеше тұрғыны шағымданды. Олардың айтуынша, облыстық жер комитетінің қызметкері ретінде өзін таныстырған адам Тараз қаласының шағын аудандарының бірінен жер учаскесі мен пәтер алуға жәрдемдесуге уәде берген.

Тұрғындардың сен міне кірген ол 10 млн және 920 мың теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп, кейін байланысқа шықпаған. Осы деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 38 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.

Тергеу барысында ұсталған адамның мұндай ұйымдарға ешқандай қатысы жоқ екендігі анықталды, ал жәбірленушілермен кездескенде ол өзін басқа есіммен таныстырған. Күдікті кінәсын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: