Тараздағы жалдамалы пәтерлердің бірінен зорлық белгілері бар екі әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайтыс болған әйелдер Алматы мен Тараз тұрғындары. Олардың денесінен зорлық-зомбылық іздері анықталған.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Жамбыл облысының Полиция департаментінің басшылығы барды, - деді полиция.
Оқиғаның мән-жайын анықтау және күдіктіні ұстау үшін барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.