Тараз қаласының Достық үйінде Өзбекстанның Қазақстандағы жылын атап өту аясында «Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастары контексіндегі мәдениеттер диалогы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараны Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері ұйымдастырып өткізді.
Конференцияға Қазақстанның, Өзбекстанның жоғары оқу орындарының танымал және жас ғалымдары, тарихшылар, философтар, саясаттанушылар, халықаралық білім беру орталықтары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және басқа да қоғамдық ұйымдар қатысты.
Конференцияның жұмысы үш панельдік пікірсайыс бойынша өтті: «Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының өзара қарым-қатынасының тарихи негіздері», «Тарихи Отандағы халықтар мен олардың көрші елдердегі – Қазақстандағы және Өзбекстандағы этникалық топтарының өзара қарым-қатынасын жетілдіру жолдары, проблемалары, тәжірибелері», «Қазақстан мен Өзбекстан халықтары мәдениеттерінің өзара әрекеттестігі, диалогы».
Жұмысты қорытындылай келе, конференцияға қатысушылар екі елдің қарым-қатынасын нығайту туралы резолюция қабылдады.