Таразда түрмеден шыққан ер адам әйелін үйімен бірге өртеп жіберді

31 Шілде, 16:41 1612

Таразда түрмеден шыққан ер адам әйелін үйімен бірге өртеп жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 54 жастағы ер адам жақында жазасын өтеу мекемесінен босап шыққан.

Әйелімен тұрмыстық жанжал кезінде үйді өртеп жіберген. Келіншек алған күйіктерінен ауруханада қайтыс болды, - дейді ведомство.

Полицияның хабарлауынша, күдікті оқиға орнына жақын жерде өлі күйінде табылған.

Қазір сот медициналық сарапатамалар жасалып жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: