Таразда тағы бір блогер ұсталды

Кеше, 18:34 187

Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Жамбыл облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері тарапынан, прокуратураның үйлестіруімен қолға түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тараз тұрғынынан 2,5 миллион теңге бопсалау фактісі бойынша екі ер адам ақшаны алу кезінде ұсталды. Олар кінәсін мойындап, тергеуге көмектесуге келісті, – деп хабарлады Жамбыл облысының полициясы.

Тергеу барысында күдіктілердің бірі ақшаны үшінші адамға – блогерге бергені анықталды. Ол Facebook әлеуметтік желісінде адамға қатысты беделіне нұқсан келтіретін жазбалар жариялаған, бұл бопсалаудың себебі болған.

Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлері қажетті тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды, – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Перизат Саденова
Бөлісу: