Таразда көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде 3 жасар бүлдіршін қамалып қалған, дбеп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балақай есікті кілттеп, өздігінен аша алмай қалған. Шақырту бойынша мекенжайға жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жетті. Олар үш иінді сатының көмегімен төртінші қабаттың терезесі арқылы пәтерге кіріп, есікті ашты. Бала зардап шеккен жоқ.
Төтеншеліктер балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.