Таразда үйлердің бірінің артынан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақпаратты Жамбыл облыстық Полиция департаменті растады.
Полиция инспекторы өзі жауапты аумақты бақылау кезінде Тараздағы шағын аудандардың біріндегі үйдің артында орналасқан құдықтан 50-60 жас аралығындағы ер адамның денесін байқаған, - делінген Полиция департаменті.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.