Таразда қару-жарақ жасырылған орын табылды

27 Наурыз 2023, 15:56 1245

Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында арнайы іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде темір жол желісі маңынан полиэтилен пакеттегі 12 калибрлі ИЖ-18ЕМ бір ұңғылы шолақ мылтық, “Полиция” деген жазуы бар қорғаныс кеудешесі тәркіленді.

ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

EL.KZ
Бөлісу: