Таразда Президенттің 5 бастамасы талқыланды

14 Наурыз 2018, 04:04 1633

14 наурыз күні сағат 15.00-де Достық үйі ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуін түсіндіру бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Бірыңғай күні өтті.

Аталған дөңгелек үстел отырысына Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Қожаева, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, Аналар, Ақсакалдар және Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелді Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі М.Қожаева ашып, жүргізіп отырды.

Үндеудегі бастамалар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банк Жамбыл филиалының экономикалық талдау және статистикалық бөлімінің басшысы К.Қырғызбаева және «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі АҚ Жамбыл облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Б.Құттыбаев «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» туралы баяндады:

«Мемлекет басшысы айтып өткендей, соңғы жылдары қазақстандықтардың баспана мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп нәрсе жасалды. Ебасы «7-20-25» бағдарламасын жүргізуді ұсынды. Ұлттық банк  «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын іске асырудың төрт негізгі  кезеңдерін айқындады.

Бірінші кезең -  банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін барынша іске қоса отырып, ипотекалық кредиттердің секьюрителендіру тетігін қалпына келтіру қажет.

Екінші кезең – бағдарламаны тиімді іске асыру үшін осы компанияны қаржы агенттігінің тануын білдіреді.

Үшінші кезең – тұрғын үй бастамасының жаңа мүмкіндіктері әркімге жеңілдік талаптарын беретін мемлекеттің теңдессіз қадамы болып табылады.

Төртінші кезең – жеңілдік берілген ипотекалық кредиттер толығымен қамтамасыз етілген және түгел қайтарымды болуға тиіс екендігін білдіреді».   

 М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Нұрманбетов «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» және «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» туралы айтып өтті:

«Әлеуметтік бастаманың негізгі мақсаты Қазақстан азаматының, соның ішінде жастардың, мемлекеттің қолдауымен жақсы білім алуы. Мемлекеттің қолдауымен жақсы жайларда өмір сүруі. Содан соң өз мамандығына ие болғаннан кейін, өз кәсіптерін ашуына мүмкіндік алып, жұмыс істеп үйлі болу деген мақсатты алға қойған дүние.

Сонымен қатар,  «Асату» ЖШС-ның директоры Б.Жетпісбаев «Шағын несие беруді көбейту», «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалының өндірістік техникалық бөлімінің басшысы А.Юсупов «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» мәселелері бойынша баяндамалар жасалды.

Қатысушылар аталған Үндеу бойынша өз пікірлерін ортаға салып Елбасының Үндеуін қолдайтындығын білдірді. 

Дөңгелек үстел отырысын қорытындылай келе М.Қожаева:

- Елбасының Үндеуі Қазақстанның экономикалық әлеуетінің зор екенін көрсетіп, халықты айрықша қуанышқа бөлеген ұмытылмас жаңалық.

Президенттік әлеуметтік бес бастамасы барлық қазақстандықтарды қамтып, олардың асыл армандарына жол ашып береді және еліміздің бақуаттылығының негізі болып табылатын әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталып отыр», - деп атап өтті.

 

Бөлісу: