Таразда пәтерден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Бүгiн, 09:06 132

Жамбыл облысында пәтердегі өрт кезінде 10 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Тараз қаласында төртқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде 2 шаршы метр алаңда өрт болды.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 10 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы баспалдақ маршымен эвакуациялады. Құтқарушылар өртті толығымен сөндірді, - делінген мәліметте.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: