ТАРАЗДА ОТБАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

3 Қазан 2018, 02:46 2202

Тараз қаласында отбасы күніне арналған фестиваль өтті.

Тараздағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктер арасындағы отбасылық фестиваль өтті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық  мақаласы аясында отбасы күніне арналған «Менің отбасымның дәстүрлері» атты мерекелік шара облыстық ассамблея хатшылығы мен Қоғамдық келісімнің  қолдауымен ұйымдастырылды.

Дәстүрге айналған фетивальге биылғы жылы 13 отбасы қатысты.

Фестивальде қатысқан отбасылар таныстыру, өздерінің ұлттық дәстүрлерін көрсету және өнерлі отбасы  сынды үш бөлім бойынша бақтарын сынады.

Әр отбасы өздері жайлы және өз отбасының мүшелері фото, бейне материалдарды пайдалана отыра жанұясы мен ұлттық дәстүрлерінен көріністерді ортаға жайып салды.  

Нәтежиесінде, гран при Қордай ауданынан келген алты ұл тәрбиелеп отырған  Щилязовтар отбасына бұйырды.

Бірінші орын облысқа белгілі асаба, жамбыл облыстық «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық  бірлестігінің атынан өнер көрсеткен  Платовтар отбасына бұйырды.

Екінші орынды Байзақ ауданынан келген ұлты монғол Жаба және Жамбыл ауданы «Дүнген этномәдени бірлестігінен» қатысқан Машанло отбасылары өзара бөлісті.

Үшінші орынды Базақ ауданы «Кәріс этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінен Сон және Т.Рысқұлов ауданынан «Бірлік» қарашай-балқарлардың  қоғамдық бірлестігінің атынан өнер көрсеткен Байрамуков отбасылары өзара бөлісті.

Фестиваль соңында қатысушы отбасылардың барлығына бірдей естелік бағалы сыйлықтар мен марапаттау қағаздары табыс етілді.

Фестиваль көрермендеріне арнап «Үкілім» би ансамблі мен «Болашақ» вокалдық триолары өз өнерлерін паш етті.

Бөлісу: