Таразда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікке қатысты семинарлар өтті

17 Қазан 2018, 10:40 2578

Жамбыл облысынының аудандарында қыркүйек-қазан айларында «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың қазіргі жағдайы: аймақтың даму ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.

Семинарға сарапшылар, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, ауыл жастары және тағы басқалары көптеп қатысты. 

Семинар барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева ауыл жастарына Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыруда Ассамблеяның маңызы зор екенін, бірлік пен толеранттылықтың қазақстандық моделін қалыптастыру міндеті бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеліп отырғандығын тілге тиек етті.

Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Абдурахман Зайнутдинов өз кезегінде діни сенім бостандығы және мемлекеттің зайырлылық принциптері тақырыбында ой қозғады. Қазақстандағы діндердің дамуы діни сенім бостандығы, рухани даму, елдегі азаматтық татулық пен конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттің жүйелі саясатының нәтижесі болып саналады, – деп өз ойымен бөлісті.

Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Альбина Тапаева өз кезегінде «Қазақтану мәдени-ағартушылық» жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан іс-шаралар туралы айтып берді.

Cеминар азаматтардың қоғамдық жағдайларға деген көзқарастарын анықтау мақсатында ұйымдастырылған шағын-тренингпен аяқталды.

Бөлісу: