Таразда медиация интситутының жұмысын жандандыру мәселелері талқыланды

23 Қаңтар 2019, 05:44 1654

Тараздағы Достық үйінде медиация кабинетінің атқарған жұмыстарының қорытындылары мен 2019 жылға  жоспарларына арналған кеңес отырысы өтті.

Іс-шара барысында медиация институтының қызметін күшейту және жандандыру, медиация туралы ҚР Заңын мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылдың негізгі тетіктерін тауып, оның орындалуы жөнінде бірқатар пікірлерді ортаға салып, оны қолдану жолдары талқыланды.

Күн тәртібінде сонымен қатар  ҚХА "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының жол картасын іске асыру тұжырымдамасы қаралды.

Медиация кабинетінің меңгерушіс Валентина Досыбиева өз баяндамасында халыққа тиімді бітімгершілік заңдылықтарын медиация аясында  қолдана отырып шешілген дау-дамайдың жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 3,5 пайыздан 5,11%-ға артқанын, бірақ бұл елеусіз нәтижелер екенін тілге тиек етті.

«Медиация өңірдегі дауларды шешудің танымал институтына айналуы үшін облыста медиация институтын дамыту бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуде медиаторлар кеңесінің әлеуетін белсенді пайдалану қажет және қала, аудандарда  санын да, сондай-ақ сапасын да арттыру қажет», - деді спикер.

Соңғы деректер бойынша Жамбыл облысы ҚХА медиация жұмыстары бойынша көрсеткіштерде 80 медиатор, оның ішінде 36 медиатор белсенді жұмыс атқарады екен. ҚХА медиаторларының жанжалдарды үйлестіру жұмыстарының нәтижесінде Медиация кабинетіне 794 облыстық Қазақстан азаматтары өз жанжалды сауалдарымен келіп, оның 633-і тиімді, әрі татулыққа шақыратын, дау-дамайсыз жауаппен қайтты. Шешілген жанжалдық жағдайлардың (отбасылық, қылмыстық, қызметтік істер. т.б.) дұрыс шешілгендігі көңіл көншітерлік. 

 Кеңеске қатысушылар өңірлік медиацияны дамытуға кедергі келтіретін іс-шараларды да атап өтіп, оларды талқыға салып, заңнаманы жетілдіруге және оған бағытталған мәселелерге ұсыныстар мен өзгертулер енгізді.

Бөлісу: