Тараз қаласында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының башылығымен командалық-штабтық жұмылдыру жаттығуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның барысын Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов қадағалады.
Бұрын мұндай жаттығулар шектеулі құрамда өткізілетін. Биыл Құрлық әскерлері Бас штабының бастығы генерал-майор Қуанышбек Үштаевтың басшылығымен өткен жұмылдыру жаттығуына алғаш рет жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылды.
Оқу-жаттығу барысында Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, сондай-ақ Астана және Шымкент қалалары әкімдіктерінің жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс басқармаларының бастықтары өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, проблемалық мәселелерді белгілеп, оларды шешу жолдарын бірлесіп іздеді.
Оқу-жаттығуда әскерлерді жоғары жауынгерлік дайындық жағдайына келтіру, жұмылдыру ресурстары мен техниканы жеткізу мәселелері бойынша жергілікті әкімдіктердің өзара іс-қимыл тетіктері пысықталды.
Әкімдіктердің қатысуы бізге өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін армия мен жергілікті атқарушы органдардың ресурстарын интеграциялау алгоритмін пысықтауға мүмкіндік берді. Барлығы бірдей үйлесімді әрекет ету үшін жасалуда, – деп бөлісті Құрлық әскерлері Бас штабының бастығы генерал-майор Қуанышбек Үштаев.
Командалық-штабтық жұмылдыру оқу-жаттығуы ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға жасалған маңызды қадам болды. Оған барлық деңгейдегі билік өкілдерінің қатысуы ықтимал қауіптерге тиімді әрекет ету үшін әскери және азаматтық құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды едәуір нығайтты.