Таразда көлік қазылған жолға түсіп кетті

17 Маусым, 03:21 628

Апат салдарынан 3 жолаушы зардап шексе, 3 айлық сәби ешқандай дене жарақатын алмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, жылу құбыры тартылып жатқан құрылыс алаңында ешқандай жол белгілері қойылмаған.

Ал әкімдік өкілдері: «тиісті ескерту белгілері көше басында орнатылған», – деп отыр.

Әзірге Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Зарина Арман
Бөлісу: