Таразда ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің форумы өтті

5 Желтоқсан 2019, 17:51 2440

Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің форумы өтті. Кеңес форумы арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалаумен басталды.


Форум барысында Жамбыл ауданы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бахыт Сырлыбаев атқарған жұмысқа қысқаша есеп берді. Сонымен қатар, «Жамбыл облысы Азаматтық альянс» заңды тұлғалар қоғамының президенті Заитжан Юлдашев жиын барысында жүзеге асырылып жатқан ҚХА-ның «Кедергіге жол жоқ» әлеуметтік жобасы туралы айтып берді.


Кеңес отырысы барысында Тараз қаласындағы өндіріске прогрессивтік технологияны енгізудегі жұмыстары туралы Мухамед Усенбаев пен ауылдарды дамытуда ҚХА-ның «Жаңғырған ауыл» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру және агроөнеркәсіптік секторға жаңа технологияны енгізудегі бастамалары туралы «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы, кәсіпкер Зайнуддин Махусеев өз ойларымен бөлісті.

Бөлісу: