Тараз қаласында «Жаһандық диалог шеңбері» халықаралық волонтерлер конференциясы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оған Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 70 волонтер келіп, қатысты.
Аталмыш конференцияны Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдап, Ұлттық волонтерлер фронт-кеңсесі ұйымдастырды.
Іс-шараға қатысушылар волонтерлік саладағы кейстерді бөлісіп, тәжірибе алмасты және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында волонтерлер тұрақты даму жолында Халықаралық волонтерлер жылын өткізу бойынша жаңа бастамалар ұсынды.
Естеріңізге сала кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады.