8 телефонды Тараздағы колонияның қоршауы арқылы өткізуге әрекет жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бірлескен Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің әскери жасағы бұрын сотталған азаматты ұстады. Ол екі түйіншекті өткізуге әрекет жасаған. Тексеру кезінде түйіншектердің ішінде 8 телефон болғаны анықталды. Барлық тыйым салынған заттар тәркіленді. Ұсталған азамат тергеу-жедел тобына тапсырылды.
Айта кетейік, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы түзеу мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын жабу бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.