Таразда дүкен мен дәмханада өрт шықты

6 Наурыз, 19:09 605

Тараз қаласында дүкен мен тез тамақтану дәмханасында өрт шықты. Оқиға Жамбыл даңғылы бойында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтеншеліктердің мәліметінше, дүкеннің шатыры мен дәмхана ғимараты жанған. Қызыл жалын аумағы - 50 метр.

Шақырту бойынша мекенжайға дереу жеткен өрт сөндірушілер алапат өртті сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда. Осы ретте ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: