Ж.Дүрімбетов көшесі бойында жаңадан салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облысының өрт сөндірушілері жоғары дәрежелі шақыртуға барып, 1 мың шаршы метр аумақты шарпыған жалынды сөндірді.
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.