ТАРАЗДА АЙМАҚТЫҚ ҚХА ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ТОБЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

6 Желтоқсан 2018, 04:02 1786

«Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру контексіндегі Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен құқық қорғау органдарының этносаралық келісімді нығайтудағы өзара байланысы» атты  Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бас ғимаратының «Алғашқы Президент» мәжіліс залында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген  отырысы өтті.

Жиында сөз алған Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Исабай Бекбасаров баяндамасында қазақтың ұлттық сусыны «Қымыздың» патентіне кеңінен тарқалды. Осы тұста отырысқа қатысушылар тарапынан да аталған мәселе жөнінде әр түрлі пікірлер туындап, тартысты ойлар ортаға салынды.  

Әлеуметтік тәуекелділік, діни толеранттылық және этностық деңгей, этноконфессиялық жағдайдың жалпы сипаттамасы, ұлтшылдық және сәйкестік, діни жағдайлар туралы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Парида Мамедова кеңінен әңгімеледі.

Ал, Тараз қаласы ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысы Уалихан Сексенбаев «Жамбыл облысының полимәдениетті ортасында құқықтық тәртіпті, тұрақтылықты қамтамасыз етудегі қоғамдық ұйымдар және құқық қорғау органдарының бірлескен алдын-алу шараларының рөлі» тақырыбындағы баяндамасымен таныстырды.

Отырыстың соңында М. Дулати атындағы ТарМУ ректоры университет доценті Рысты Керимбаеваны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне» арналған үздік ғылыми жобалар бойынша республикалық байқауында қол жеткізген үздік жетістігімен (1-орын) құттықтады, сонымен қатар Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелерін де марапаттады.                                    

                                               

Бөлісу: