Таразда автобус 10 көлікті соғып өтті

4 Қаңтар, 15:28 931

Жол апаты бүгін, 4 қаңтарда, сағат 10:45-те болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

№56 автобустың 33 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, тұрақта тұрған он көлікті соқты.

Қоғамдық көлікте 10 жолаушы болған, олардың бірі – 56 жастағы әйел жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Автобус жүргізушісіне қатысты «Жол ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: