Таразда 3 жасар және алты айлық бала үйде қамалып қалған

26 Ақпан, 04:45 682

Таразда 3 жасар және алты айлық бала үйде есік жабылып, пәтерде қалып қойған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

25 ақпанда Тараз қаласындағы 15 шағын ауданында 3 жасар бала мен  6 айлық бала есігі жабылып қалған пәтерде қалып қойды. 

Шақыртуға 5 құтқарушы - Сахариев С., Кадыров Ж., Калмаханов А., Телеубаев Е., Тлеукулов Р. шықты. Құтқарушы Рахат Тлеуқұлов альпинистік құралды қолданып 4-ші қабаттың терезесінен кіріп есікті ашып берді, балалар анасына тапсырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: