Тараз тұрғындары жыршы-ақын Хамит Мәмбетовпен кездесті

29 Қараша 2018, 10:53 1903

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі көркемсөз шебері Хамит Мәмбетов Тараз қаласының Достық үйінде ұйымдастырылған әдеби-музыкалық кеш аясында қала жұртышылығымен кездесті.

Жамбыл облысы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Рано Убайдуллаева Хамит Мәмбетовке ұйымдастырылған кездесу үшін алғыс білдіріп, осындай  мәдени  шаралардың  халықтар  достығына, ұлтаралық  келісімге    қосар  үлесі  мол  екенін  атап  өтті.

«Хамит Исаұлы елімізге белгілі режиссер, продюсер, ҚР еңбегі сіңген  мәдени-қоғам қайраткері ретінде ғана емес, «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының белсендісі, Олжас Сүлейменовтің кеңесшісі ретінде де танымал. Қазіргі уақытта жастардың көркем сөз, тіпті  тыңдауға да құлшыныстары  аз. Осы тұрғыдан Хамит оқуларының болашақ жастар үшін маңызы зор деп санаймын. Отан, туған жер өлеңдері жастарды патриотизмге шақырады, тәрбиелейді», – деп атап өтті Р. Убайдуллаева.

Кеш барысында Хамит Мамбетов Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндерін жанды даусымен орындап, Мұқағали Мақатаевтың, Олжас Сүлейменовтың өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды.

Бөлісу: