Тараз бен Ақтөбеде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтары ашылды

22 Ақпан 2019, 10:26 4118

Тараздағы  Достық үйінде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының ашылу салтанаты өтті.

Орталықтың басты міндеті жастары егде тартқан адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға, жәрдемдесуге бағытталған шараларды іске асыруға жұртшылықты тарту.  Қарт адамдардың бос уақытын тиімді өткізуіне және оларды қоғамдық өмірге тарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сонымен қатар, соғыс ардагерлерінің, еңбекқорлығын насихаттау және тәлімгерлік институтын дамыту.

Занятия проводят сотрудники КГУ «Қоғамдық келісім» аппарата акима Жамбылской области, Центр обучения языкам, волонтеры из числа самих пожилых людей и студентов. В настоящее время в центре занимается около 80 пожилых людей, которые активно участвуют в жизни ассамблеии народа Казахстана Жамбылской области.

Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін орталық төрт түрлі бағытта жұмыс жасауда: «Қарт адамдардың бос уақытын ұйымдастыруға жәрдемдесу», «Салауатты жас», «Атаулы көмек» және «Ұмытылмас батырлар».

Ал, осы бағыттарды іске асыруда мынадай қызмет түрлері көрсетілуде:  қарт адамдарға арналған «Өзіңе өзің көмектес», «Музыкалық қонақ бөлмесі» клубтары, тілдерді оқыту курсы бойынша қазақша, орысша, ағылшынша оқу топтары, хореография және сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмелері жұмыс істеуде.

Дәрістерді Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, Тілдерді оқыту орталығы қызметкерлері, қарттар мен студенттер қатарынан еріктілер өткізеді. Қазіргі уақытта орталыққа 80-ге жуық қарт қамтылған. Олар түрлі сабақтарға қатысып, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жұмыстарына белсене атсалысуда.

Осы жерде «Қазақтану» жобасы аясында жүзеге асқан «Ою қадамдары» курсының сабақтарында жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Онда қолөнер шеберлері өз бұйымдарының өрнектерінің мән – мағынасы, жасалу жолдарымен бөлісті. Көрмеге моншақтан әртүрлі қуыршақтар, сөмкелер, бесіктер, вазалар т.б  кәдесыйларға арналған бұйымдар, жүннен жасалған орамалдар, құрақ көрпелер, жұмсақ ойыншықтар ұсынылған. Көрменің бір бөлігінде клуб мүшелері шахматтан бәс сынасты.

Кеш барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының Қоғамдық келісім КММ басшысы Рано Убайдуллаева «Калинка» вокалдық ансамблін 65-жылдық мерейтойымен құттықтады.

Тура осындай Орталық Ақтөбеде де ашылды.

Шара қонағы – «Бірлік» ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Еркін Құрманбеков өз сөзінде: «Қария адамдар, үлкендер балалар мен жастарға тәрбие беруге белсенді қатысып жүр. Ал сондай жұмыс атқару үшін жақсы денсаулық керек. Денсаулықты нығайтуға бұл орталықтың көмегі кәдімгідей болады деп есептеймін».

Бөлісу: