Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz
«Құрметті тараздықтар, қадірлі жерлестер! Сенім артылған соң, еліміздің кез келген өңірінде мемлекеттік саясатты іске асыру – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Алайда, сол міндеттің басталатыны сияқты, аяқталатын да кезеңі болады. Ол – заңдылық. Сондықтан, мен өзімнің Жамбыл жеріндегі қызметімді тоқтатып, тағы бір өмір белесіне өттім», - деп жазды Тараз қаласының әкімі.