Танымал тележүргізуші екінші рет үйленді

25 Шілде 2023, 16:20 3505

Танымал теле және радиожүргізуші Серік Ақышев екінші рет үйленді. Неке қию рәсімінен естелік сәтті ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Серік Ақышевтің жарының есімі – Гауһар Төреқұлова. Ол да шығармашылыққа жақын жан екен – интерьер дизайнері.

Оқи отырыңыз: 

Біз енді ерлі-зайыптымыз. Серік және Гауһар Ақышевтер.

Құдалық өте керемет өтті. Араға бір апта салып неке қию рәсімін өткіздік. Енді мешітте неке қию рәсімі болады, - деп жазды ол.

Бұған дейін ол «Осколки» подкастында бірінші әйелі Ольга Болдовскаямен не үшін ажырасып кеткенін айтқан болатын.

Бұрынғы әйелім Ольгамен екі бала өсіріп, ұзақ уақыт бір некеде тұрдық. Марика өмірге келді. Қазір ол 9-сыныпты аяқтады. Содан соң Айлин туды. Ол екінші сыныпты бітірді. Біраз уақыт бұрын күрделі шешім қабылдадық. Бірақ бұл екі жақпен келісілген шешім болды. Ажырасуымыздың өз себептері бар, қарым-қатынаста көп қателік жібердім. Одан да қателіктер кетті, - деген болатын Серік Ақышев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Серик Акишев TV (@serik_akishev)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: